Менің сұрайын дегенім — Гид Лисаковска

Менің сұрайын дегенім

Менің сұрайын дегенім
Ответ:

Сәлеметсізбе Алмат Ерикович жақында 2баламның денсаулығына байланысты больницаға жатып шықтым. Инфекционный бөлімінде. 1-ші балам 3ке енді толады, ал 2-ші балам 1жас 2 айда. Менің сұрайын дегенім боль.да тек қана балаларды тамақтандырады ал бізді жоқ. мысалы мен киши баламды али де емиздирем. ал сут болу үшін мен тамақтану керекпін шай ішу керек деген сиякты. ата анам ауылда тұрады жолдасым іс-сапарға кеткен. кунде тамқ сатып алуға ақшам жоқ. достарымда кунде жұмыста оларға да күнде ананы мынаны әкеп бер деп айта алмаймын. олар өздерінде жоқ болса олай айта алмайсын да ғой. сұрайын дегенім осы неге балалармен ата-аналарды тмақтандырмайды. ондай заңда жоқ қой. оқығанызға рахмет жауап кутем.

Вопрос #3569 от 4/10/2016

Имя: Х. Ж.

Отвечает Алмат Исмагулов

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына сәйкес. Стационарлық көмек көрсету қағидаларының №19-тармағы. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:
1) дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтім жасауды қажет ететін үш жасқа толмаған, сондай-ақ 16 жасқа дейінгі ауыр науқас балаларды емдеу кезінде, тікелей күтім жасайтын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріле отырып, онымен бірге медициналық ұйымда болу мүмкіндігі беріледі;
2) бір жасқа толмаған баланы емшек сүтімен қоректендіретін ана балаға күтім жасаудың бүкіл кезеңінде медициналық ұйымда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі;
3) стационарлық емдеудегі балаға күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ана (әке) немесе өзге адамға жатын орынмен тегін қамтамасыз етіледі.

02:22
610
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Загрузка...