Сизге улкен умит артамыз — Гид Лисаковска

Сизге улкен умит артамыз

Сизге улкен умит артамыз
Вопрос:

Саламатсыз ба Алмат Ерикулы! Сизге кояр бирак сурагым бар.Биздин каламызда жакын уакыт аралыгында тургын уй салынама? Алде тек жай соз болып калды ма?Коптин арманына айналган тургын уй кашан кабырга котереди?Биз жетим балалар тизиминде очередте турмыз.Абден мазы болдык. Оз бурышымыз жок.Сизге улкен умит артамыз.

Вопрос #5043 от 15/02/2017

Имя: ЖАННА НАЙМАНОВА

Ответ:

Отвечает Алмат Исмагулов

Құрметті Жанна!
Лисаков қаласында 2016 жылғы тамыз айында «Алюминий Қазақстан» АҚ Краснооктябрь бокситтік кен басқармасымен өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 7-шағын ауданында 60-пәтерлі 5-қабатты тұрғын үй құрылысы басталған.
Пәтерлер қызметкерлерге кейінгі сатып алу мүмкіндігімен ұзақ мерзімге (20 жылға дейін) жалға ұсынылатын болады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған кезекшілер үшін тұрғын үй құрылысы бойынша 2012 жылы Лисаков қ. 7-шағын ауданында екі жалдамалы тұрғын үй құрылысына жобалар әзірленгені туралы хабардар етеміз. Бірақ, қаржыландыру болмағандықтан осы уақытқа дейін жобалар іске асырылмаған.
«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Лисаков қ. әкімдігімен 7-шағын ауданында 60-пәтерлі жалдамалы тұрғын үй құрылысы жоспарлануда, осы уақытта жобалау-сметалық құжаттамасын түзеттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, осы үйдің құрылысына жоғарыда тұрған бюджеттен қаражаттар бөлу туралы Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім жолданылды.
Қаржыландыру мәселесі шешілеіп және 2018 жылы жоба іске асырылатынына үміттенеміз, бұл мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған 60 отбасыларды мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндікт береді.

03:33
562
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Загрузка...